Мәскеуден медициналық әуе сапарына тапсырыс беруді қалайсыз ба? AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясына жүгініңіз, және біз сіз үшін ең тиімді шарттарда қажетті форматтағы ұшақты жедел тауып беретін боламыз. Санитариялық әуе кемелері ең әртүрлі мақсаттар үшін қажетті болады:
AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясы осындай кез-келген жағдайлардан құтқарады. Шұғыл орын алған жағдайларда біз әуе кемесін тапсырыс жасалынғаннан кейінгі үш сағаттан соң ұсынуға дайынбыз, десе де, ұшақтың немесе тік ұшақтың оңтайлы үлгісін таңдау және оны ең тиімді шарттарда жалға алуға уақыт қалатындай етіп, сапарды алдын-ала брондаған жөн.
AVIAV TM (Cofrance SARL) компаниясының қызметінің арқасында Мәскеудегі медициналық авиация клиенттер үшін қажетті қызметтердің тұтас спектрін ұсынады. Біз келесілерді іске асыруға көмектесеміз:
Медициналық әуе кемелері өзінің ішкі жабдықталуы бойынша әртүрлі болады. Ережеге сай, олардың салонында жан сақтау бөлімін еске түсіретін тұтас ауруханалық палата орналасады. Мұнда науқастың өмірлік қарекетіне қолдау көрсету және оған алғашқы жәрдемді көрсету үшін барлық қажетті қондырғылар бар. Теориялық тұрғыдан мұнда тіпті, хирургиялық отаны жасауға болады, десе де, мұндай қадамға дәрігерлер тек айрықша жағдайларда барады. Біз сіз үшін ұшақтың немесе тік ұшақтың оңтайлы үлгісін таңдап береміз!
Жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетуді ұсынуға дайын жақсы ауруханалардың астананың өзінде жеткіліксіз екендігі ешкімге құпия емес. Осыған қоса бұл өзге қалаларға да қатысты. Кейде пациентке ресей дәрігерлерінің өздері бел буа бермейтін сирек әрі күрделі ота қажет болуы мүмкін. Өкінішке орай, жыл өткен сайын мұндай жағдайлар қатары көбеюде.
AVIAV TM (Cofrance SARL) Еуропадағы медициналық тасымалдаулар саны бойынша көшбасшы болып табылады. Біз заңды секілді, жеке тұлғалармен серіктесеміз және бір реттік немесе тұрақты негізде қызмет көрсетуге емханамен шарт бекітуге дайынбы. Біздің базада – сапалы заманауи қондырғылармен жабдықталған ең сенімді ұшақтар мен тік ұшақтар бар. Біз сүйемелдеу үшін кез-келген медициналық персоналды ұсынуға және ең сирек кездесетін маманданудағы дәрігерлерді табуға дайынбыз.
Медициналық ұшаққа тапсырыс беру үшін біздің сайтымызда өтінім қалдырсаңыз жеткілікті. Менеджер сізбен байланысады және саяхаттың барлық нюанстарын келістіреді. Тағайындалған сағатта джет ұшуға дайын болады!